Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"№6 орта мектеп интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(77826) 6-26-25
Есепші бөлімі:
+7(77826) 6-26-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
март
2019

хаттама

«№ 6 орта мектеп интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қамқоршылар кеңесі
отырысының

Хаттамасы 3
26.03.2019 ж Жаркент қаласы
Қатысқандар: қамқоршылар кеңесінің мүшелері, мектеп директоры А.Кобелекова, ДТІЖО Н.Жуманов, Р.Шайдилда .
Күн тәртібі:
1. Мектеп директоры А.Кобелекованың 3 тоқсан бойынша есебі
2. Қамқоршылар кеңесінің 3 тоқсан бойынша есебі
3. Мектепішілік наурыз мерекесі өткізу туралы.

Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Кобелекова соз алды. Қамқоршылық кеңес алдында тоқсан сайын берілетін жұмыстарға есеп берілді. Ең алдымен 3 тоқсан бойынша білім сапасына тоқталып кетті. Қазіргі уақытта білім сапасына көбірек көңіл бөлінуде. Атап айтқанда қосымша сабақтар кестесі жасалынып балалар, білім алуға құштарлығын арттырудамыз. Сонымен бірге оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін үйірме мен секциялар жұмыс істеуде. Ақысыз үйірмелер сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған. Сонымен бірге мектебімізде көптеген іс-шаралар өтуде. Біліммен бірге тәрбие жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылуда. Барлық мерекелік шаралар мәжіліс залында концерттік бағдарламалар өткізілуде.
Екінші мәселе бойынша Р.Токарева осы уақытқа дейін істелген жұмыс жайында тоқталды. Атап айтқанда жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, демеушілер тартылуда. Қамқорлық акциясын өткізу, бұл улкен шара. Яғни көмек мұқтаж ететін отбасы оқушылары біздің мектепте бар. Оларға көмек беруіміз қажет. Сондықтан ең бірінші демеушілер тартылып, көмек қажет ететін оқушыларға барынша көмек көрсетілді. Алдағы уақытта мұндай шаралар өз орнын табады деген үміттемін. Барлық кеңес мүшелеріне өз атымнан үлкен рахметімді айтамын.
Күн тіртібіндегі үшінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Р.Намазбекова сөз алды. Мектепішілік қамқоршылық кеңес мүшелері және жалпы ата-аналардың қолдауымен мектепішілік «Армысың, Әз-наурыз» атты шара өтті. Сынып жетекшілер ұйымдастыруымен жоғары деңгейде концерттік барғдалама көрсетілді. Параллель сынып ата-аналары қолдау көрсетіп, дастархан мәзірі жасалды. Яғни әр ата-ана ешқандай ақша жинамай, өздері үйінде әртүрлі дәмді заттар пісіріп, дастархан жасалды. Бұл сыныптардың ата-аналардың еріктерімен жасалды.

Сөйлегендер:
Кеңес мүшесі Д.Жақсыбаева, мектеп директоры А.Кобелекованың берген есебі қанағатарлық деп танып, мектепте көптеген шаралар өтіп жатқанын айтып кетті. Қамқоршылық кеңес атынан мектеп әкімшілігіне өз рахметімді айтқым келеді.
Кеңес мүшесі В.Пузырный, өз сөзінде қамқоршылық кеңес өз жұмысын тыңғылықты атқаруда. Атап айтқанда, мектепте өткізіліп жатқан шараның барлығына қатысып, өз үлестерін қосуда. Өткізілген наурыз мерекесі жақсы деігейде өткізілді. Сынып жетекшілер жақсы дайындық жасап, әр оқушы өз өнерін көрсете білді. Ал мектеп директорының берген есебін қанағатарлық деп танып, жұмыстарыға сәттілік тіледі.


ШЕШІМ:
1. Мектеп директоры А.Кобелекованың 3 тоқсан бойынша берген есебі қанағатарлық деп танып, назарға алынсын.
2. Қамқоршылық кеңестің жұмысы жандандырылсын.
3. Өткізілген «Армысың, Әз-наурыз» атты мектепішілік шара қанағарлық баға берілсін.



Кеңес төрайымы : Р.Токарева
Кеңес мүшелері : Б Жармухамбетов
Ж.Құрманова
М.Зайырова
С.Даутова
Б.Болатбекова
Д.Жақсыбаева
Р.Намазбекова
В.Пузырный
Хатшы: Р.Шайдилда

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив